Алматы • Кеше

Алматыдағы көлік апаты: қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар

56 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8 қаңтарда Алматыдағы Рысқұлов даңғылында Лобачевский көшесіне жетпей бірнеше көліктің қатысуымен зардабы ауыр жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы көлік апаты: қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар

Subaru Forester оң жақ жолақпен жоғары жылдамдықпен келе жатып, жүргізушісі тайғақ жолда көлікке ие бола алмай қалған. Жол жиегіндегі қар үйіндісі көліктің тайғанауына себеп болуы мүмкін.

Жеңіл көлік жол жиегінде тұрған Renault жүк көлігіне соғылған. Соққының күшті болғаны соншалық, ауыр жүк көлігі алға жылжып, алдында тұрған басқа жүк көлігімен соқтығысқан.

Соққыдан кейін Subaru қайта серпіліп, жолдың арғы бетіне шығып кетіп, оған Audi A6 көлігі соғылған. Соққыдан Subaru көлігінің жолаушылар жағына әжептәуір зақым келген.

Жол апаты салдарынан алдыңғы орындықтағы Subaru жолаушыларының бірі сол жерде қаза тапқан. Көлік жүргізушісі мен тағы бір жолаушы ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері мен криминалистер жұмыс істеп жатыр. Болжам бойынша жүк көліктері Эстонияда тіркелген.

Рысқұлов даңғылы бойымен шығыс бағыттағы көлік қозғалысы қиындап, ауданда үлкен көлік кептелісі пайда болды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.