Оқиға • 09 Қаңтар, 2025

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты

55 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайғылы оқиға 8 қаңтарда Павлодар-Семей тас жолында болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты

фото: Павлодар облысының Полиция департаменті

Жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«8 қаңтарда сағат 21:00-де Павлодар-Семей тас жолында Аққулы ауданындағы Тілектес ауылының маңында Kia Sportage жүргізушісі қар тазалайтын көлікті басып озу кезінде қарсы келе жатқан қозғалыс жолағына шығып кетіп, КамАЗ жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан Kia көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Kia көлігінің тағы бір жолаушысы ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

х

Полиция департаменті мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушылардың, әсіресе көлік көп жүретін жерлерде жылдамдықты сақтауды, көліктің техникалық жағдайын қадағалау маңызды екенін еске салады.