Алматы • 09 Қаңтар, 2025

Алматыда қар ерітетін алғашқы пункт ашылды

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пункт – «Алматы Тазалық» МКК-ның бұрын көктайғаққа қарсы реагенттер сақталған базасында салынған, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Алматыда қар ерітетін алғашқы пункт ашылды

Фото: Almaty akimdigi

Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы шеңберінде салынған аталған пункт Алматыда тәулігіне 1200 текше метр қарды қайта өңдеуге қауқарлы екен. 

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше Қазақстанда алғаш рет мұнда қарды еріту үшін ағынды сулардың жылуын пайдаланатын инновациялық технология қолданылып отыр.

Еріген су құм мен қоқыстан сүзгілеу арқылы тазартылады, содан кейін қаланың кәріз жүйесіне жіберіледі. Қар еріту пунктіне Әуезов, Алмалы, Бостандық аудандарынан қар әкелінеді. Аталған аудандарда қар үйіндісі мәселесі өзекті, қозғалыс қиындаған орталық көшелерден ақ ұлпаны сыртқа шығару қиын.

Мамандардың пікірінше, мұндай шешім қарды тиімді түрде кәдеге жаратып қана қоймай, қала инфрақұрылымына түсетін жүктемені едәуір азайтуға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15