Фото: massaget.kz
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тараған еді. Онда шетелдік студенттердің таяқ, орындықтармен бір-бірін соққылап жатқанын көруге болады.
Жаңа жыл түні төбелескен студенттер 5 жылдық шектеумен елден шығарылады. Сенатор бұл шешім заң шеңберінде қабылданғанын айтты.
«Елімізде жүрген кез келген шетел азаматы біздің заңымызды, тәртібімізді, әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді құрметтеп, сайып келгенде, өзін қалай ұстау әдебін білуі керек. Бұл - әлемдік тәжірибе. Басқа елде жүргенде заңды сақтап, оған бағыну керек. Қоғамдық тәртіпті бұзған шетелдіктер депортацияланады. Сонымен қатар олардың Қазақстанда оқитыны туралы құжаттар да күшін жояды», деді Марат Қожаев.