Фото: aa.com.tr
Сауалнама келесі параметрлерді қамтыды: Brent маркалы мұнай бағасы, Қазақстан экономикасының өсуі, инфляция, базалық мөлшерлеме, тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импорты, ұлттық валюта бағамы.
Медиандық бағалаулар бойынша, Brent маркалы мұнайдың бағасы 2025 жылы барреліне 75 долларды құрайды (бұрын барреліне 76,5 доллар). 2026 жылға арналған болжам барреліне 74 доллар деңгейінде сақталады. 2027 жылға арналған болжам барреліне 75 доллар деңгейінде белгіленген.
Сарапшылардың болжамы бойынша, Қазақстанның 2025 және 2026 жылдардағы экономикалық өсімі өзгеріссіз қалады және сәйкесінше 4,7 және 4,5 пайызды құрайды. 2027 жылы экономиканың өсу қарқыны 4,5 пайыз деңгейінде сақталады.
Бұл ретте сарапшылар 2025 жылға арналған инфляция болжамын 6,9 пайыздан 7,5 пайызға, ал 2026 жылға 6 пайыздан 6,5 пайызға арттырды. 2027 жылы инфляция 5,6 пайызды құрайды.
«2025 жылға арналған болжамның медианалық мәні 12,5 пайыздан 14,7 пайызға, 2026 жылға - 10,3 пайыздан 11,8 пайызға дейін түзетілді. 2027 жылға базалық мөлшерлеме 10,5 пайыз деңгейінде болжанған», делінген ақпаратта.
Айта кетейік, сауалнамаға Қазақстан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау және болжаумен айналысатын 12 ұйым қатысқаны көрсетілген. Респонденттерге нарықтың кәсіби қатысушылары, зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар және рейтингтік агенттіктер кіреді.
Естеріңізге сала кетейік, 29 қарашада Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 14,25-тен 15,25 пайызға дейін көтерген болатын. Желтоқсанда Қазақстандағы инфляция бәсеңдеді.