Фото: Ашық дереккөз
Жобаға сәйкес, азаматтар жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша нотариустарға бармай-ақ, банктің Астана және Алматы қалаларында орналасқан жылжымайтын мүлікке арналған платформасы арқылы онлайн нотариалдық мәмілені ресімдеу мүмкіндігіне ие болады.
Негізгі шарттар:
- Мәміле 18 бен 63 жас аралығындағы Қазақстан азаматтарына қолжетімді;
- Барлық меншік иелерінің, соның ішінде некеде тұрған жағдайда ерлі-зайыптылардың қатысуы міндетті;
- Мәмілелер 70 млн теңгеге дейінгі қайталама тұрғын үй нарығына қатысты;
- Сатушы 2015 жылдан бастап электронды форматта меншік құқығын растауы керек;
- Алаяқтықтың алдын алу үшін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры арқылы мүліктің жай-күйін тексеру жүргізіледі.
Жоба Ашық НҚА порталында орналастырылған және 2025 жылдың 23 қаңтарына дейін қоғамдық талқылау үшін қолжетімді.