Қоғам • 10 Қаңтар, 2025

Өткен жылы айналымнан 2 мыңға жуық жалған банкнота алынған

5187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржылық мониторинг агенттігі валюталық операцияларды жүзеге асыру кезіндегі сақтық шараларды сақтаудың маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылы айналымнан 2 мыңға жуық жалған банкнота алынған

Фото: Ашық дереккөз

Ведомство мәліметінше, желіде азаматтар шынайы ақшаны жалған немесе сувенирлік ақшамен шатастыратын бейнелер кеңінен таралған.⌛

«Бұл бейнероликтер адамдар тиісті назар аудармай, шынайы ақшаны жалған немесе сувенирлік ақшадан ажырата алмайтынын және заңсыз операцияларға қатысу сияқты жағымсыз салдарға әкеп соғатынын көрсетеді», деп хабарлады ҚМА баспасөз қызметі.

Жалпы, 2024 жылдың басынан бастап Қазақстан аумағында айналымнан 2 мыңға жуық жалған банкнота алынып, қаржылық тұрақтылыққа елеулі қауіп төндірген. Жалпы алынған жалған ақшалардың сомасы 80 миллион теңгеден асқан.

Жалған банкнота жасаумен және сатумен айналысқан 8 адам сотталған. Олар 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылған.

«Мұндай жағдайларды болдырмау үшін ақшалай операциялар кезінде банкноталарды тексеріңіз. Ақша қағазының сапасына, қорғаныш элементтеріне (мөртаңбасы, микроэлементтер, белгілі бір жарықта көрінетін белгілері) және текстура мен шрифтіне назар аударыңыз. Жалған ақша жасаушылардың құрбаны болып қалмау және қылмыстық қудалауға түспеу үшін, бөтен адамдармен ақша алмастырып, валюта айырбастау бойынша қолайлы курс ұсынса да делдалдармен мәміле жасамағаныңыз дұрыс», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Тазылар тартысқа түсті

Аймақтар • Кеше