Фото: istockphoto.com
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.
Алматыда түнде және таңертең тұман болып, көктайғақ күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-шығысында тұман болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с дейін жетеді.
Атырау облысының батысында тұман күтіледі.
Астанада жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-18 м/с дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с болады деп күтіледі.
«Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с дейін жетеді», дейді метеорологтар.
Болжамға сәйкес, Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз Жарма ауданында екпіні 23 м/с дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын жүреді. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде 23-28 м/с дейін жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі.