Фото: Ақорда
Атап айтқанда, ҚСЗИ ел дамуының ішкі саяси үдерістері мен экономикалық үрдістерін зерттеуге, сондай-ақ сыртқы саяси ахуалды бағамдауға баса мән береді. Бұған қоса Институт деректер базасын құру және аймақтардағы өкілдіктер желісін кеңейту жұмыстарына айрықша назар аударады.
Мемлекеттік кеңесші Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында берген сұхбатында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыт-бағдарын айқындап бергенін атап өтті.
Ерлан Қаринның айтуынша, жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік саясатты сараптамалық-талдамалық тұрғыдан сүйемелдеу ісінде ҚСЗИ айрықша рөл атқарады. Сондай-ақ құрылымның аймақтарды дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу, экономикалық реформаларды одан әрі ілгерілету, геосаясаттың жаһандық үрдістерін талдау және басқа да өзекті әрі сұранысқа ие бағыттар бойынша маңызы зор. Институт сарапшылары мемлекеттік ішкі және сыртқы саясаттың негізгі мақсат-міндеттерін сарапшылар қауымдастығына ғана емес, барша жұртшылыққа түсіндіруге де ерекше атсалысып жүр.
Бұдан бөлек, Ерлан Қарин ҚСЗИ еліміздің басты зияткерлік орталығы ретінде шетелдің сараптамалық орталықтарымен халықаралық деңгейдегі серіктестік байланыс орнату ісінде негізгі құрылым саналатынын жеткізді.