фото: ашық дереккөз
Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ, мас күйінде автокөлік жүргізген сотталушы С.-ны полиция қызметкерлері тоқтатқан. Ол әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасаудан бас тартып, өзін әкімшілік жауаптылықтан босатуы үшін полиция қызметкеріне 10 000 теңге сомасында пара беруге тырысқан.
Полиция қызметкері қызметтік борышын атқара отырып, ақшадан бас тартқан. Принципті берік ұстанған полицей сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы өзінің тікелей басшылығына және Өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлаған.
Сотталушы С. аталған іс-әрекетте өзінің кінәсін толық мойындап, айыптау мен іс бойынша қолда бар дәлелдемелерге дау айтпаған.
Сот отырысында прокурор сотталушы С-ті ҚК-нің 24-бабы 3-бабы, 367-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды.
Сотталушының қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде сот жасаған ісіне шын жүректен өкінгенін және оның кәмелетке толмаған балаларының болуын анықтады.
Сотталған адамның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар сотта белгіленбеген.
Соттың үкімімен сотталушы С. кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 112 500 теңге, яғни параның он бес еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.