Аймақтар • Бүгін, 16:50

Ауылдарда медициналық инфрақұрылымды дамыту қажет - Жұлдыз Сүлейменова

19 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысына сапары барысында Мәжілістің вице-спикері Дания Еспаева мен депутат Жұлдыз Сүлейменова көпсалалы облыстық балалар ауруханасы ұжымымен кездесті. Жиында медицина саласындағы мәселелер мен осы салада қабылданып жатқан заңнамалық өзгерістер талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауылдарда медициналық инфрақұрылымды дамыту қажет - Жұлдыз Сүлейменова

Дания Еспаева Мәжіліс қабырғасында атқарылған жұмыстарға, оның ішінде дәрігерлерді қорғауға, олардың мәртебесін көтеруге бағытталған жаңа заңның тиімділігіне назар аударды.

«Өткен жылы 106 заң жобасы Мәжіліс қарауына енгізіліп, 37-сін қарастырдық. Оның  19-на Президенттің қолы қойылды. Қазан айында Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру туралы заңды қарадық. Қазіргі кезде осы заңның жүзеге асырылу барысын сіздермен талқылауға дайынбыз», деді Дания Еспаева.

медицина

Жұлдыз Сүлейменова өз сөзінде МӘМС-ке қатысты тұрғындар арасында сын-пікірлер көбейгенін атап өтті. Кездесулерде азаматтар сақтандыру жүйесіне қосылса да, медициналық қызметті толық көлемде ала алмай отырғанын жиі айтып жүр. Сондықтан да қазіргі жүйе Денсаулық сақтау министрінің қатысуымен әлі де талқыланатын болады.

«Ауылда медицина инфрақұрылымын дамытуға көп күш салып жатырмыз. Былтыр «AMANAT» партиясының депутаттары ауылдық жерлерге баратын дәрігерлер үшін бір реттік көтерме ақыны, яғни ең төменгі жалақының 100 еселенген мөлшерін енгіздік. Бұл сапалы мамандарды ауылға тартуға мүмкіндік береді», деді Жұлдыз Сүлейменова.

дәрігерлер

Хирург профессор Болат Жаналиев соңғы 5 жылда балалар ауруханасынан бірде-бір дәрігер мамандандыру бойынша шетелден білімін жетілдіруге шақырылмағанын атап өтті. Сондай-ақ дәрігерлер медициналық құрал-жабдықтардың және ота жасауға бөлінетін қаражаттың жеткіліксіздігін айтып, ауданаралық хирургиялық бөлімшелер ашу туралы ұсыныстарын жеткізді.