Жемқорлық • Бүгін, 12:22

Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңгені жымқырған

13 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс прокуратурасы Маңғыстау техникалық колледжінің қызметіне тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңгені жымқырған

«Тексеріс нәтижесінде бас бухгалтермен 243 млн теңге көлемінде іс-сапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аудару арқылы бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды», делінген облыстық прокуратура таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2 тармақшасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.