
Фото: Polisia.kz
Ұсталған азамат мемлекеттік қызметші бола тұра, азамат С.Д.-ға аса ірі көлемде материалдық залал келтіріп, материалдық пайда алу мақсатында алаяқтық жолмен ақша алған. Бұған қоса, ол осыған ұқсас бірқатар қылмыстарды жасады деген күдікке ілінген.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұсталған азамат Қырғыз Республикасы президентінің бұрынғы ерікті көмекшісі болған. Өткен жылдың күзінде қызметінен босатылған ол елден кетіп, Қырғызстан президенті мен оның маңайындағыларды қатаң сынға алған.