Бокс • 13 Қаңтар, 2025

Бокстан әйелдер құрамасы жаңа маусымға дайындықты бастады

41 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы 2028 жылы өтетін Олимпиада ойындарына арналған оқу-жаттығу жиынын бастады. Осы бағытта алғаш рет әйелдер, жастар және жасөспірімдер командаларының ауқымды оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Бокстан әйелдер құрамасы жаңа маусымға дайындықты бастады

Фото: olympic.kz

Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин осы форматтағы жаттығу жиындарының пайдасы мол екенін жеткізді. 

«Алғаш рет әйелдер, жастар және жасөспірімдер командаларының басын қосып ауқымды оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Барлық жас дәрежелерінің бапкерлерімен ақылдасып, осылай ұйымдастыруды жөн санадық.

Бұл бастаманың пайдасы мол. Жасы кішілер әпкелеріне қарап, бой түзейді, тәлім алады. Әйелдер санатындағы спортшыларды да жалынды жастардың көз алдында жүруі жігерлендіре түседі. Жас буын ұлттық құрама сапына қосылғанда жатырқамай, тез бой үйретуіне де септігін тигізері анық», деді Елдос Сайдалин. 

Қазақстан әйелдер құрамасы 2028 жылғы Олимпиада ойындарына дайындықты бастап кеткен. Бас бапкер төртжылдықтың басты бәсекесіне қатысу үшін барлық жас дәрежесінде бұл додаға үміткерлер бар екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25