
Фото: Видеоскрин
National Geographic гранттары мен Segré қорының қолдауымен, сондай-ақ Conservation X Labs, BRCC және АСБК ұйымдарының қатысуымен жүзеге асырылатын халықаралық жоба шеңберінде орнатылған фототұзақтар тексерілген.
Үстірт қорығының қызметкерлері өткен жылғы 29 қазан - 21 желтоқсан аралығында бұл «жабайы мысықтар» фототұзақтарға 4 рет түскен. Жойылып бара жатқан осы ерекше түрдің табиғи ортасы ретінде аталған парк маңызды рөл атқаратыны осылайша тағы айғақталған.
«Орталық Азия барысының қайта оралуы – Үстірт экожүйесінің қалпына келуінің символы, бірлескен күш-жігердің нәтижесі», дейді қорық қызметкерлері.