Оқиға • Кеше

Студент ұшақта жүрегі қысылған адамды аман алып қалды

42 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана медициналық университетінің интерні Дінмұхамед Бектұрған Қызылорда-Астана бағытындағы ұшақта жүрегі ауырып, қысылып қалған жолаушыға алғашқы көмек көрсетіп аман алып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz жоғары оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Студент ұшақта жүрегі қысылған адамды аман алып қалды

фото: newtimes.kz

Қызылорда-Астана бағытындағы ұшақта аяқ астынан  ер адамның жүрегі қысылып, тыныс алуы тоқтап қалады. Бортсеріктер борттан медицина қызметкерлерінің бар-жоғын сұрағанда, жолаушылар арасынан жас жігіт шығып, көмекке ұмтылады.

Ол дереу ауырып жатырған адамның жүрегіне жасанды массаж жасайды. Дінмұхамед Бектұрғанның  батыл әрекетінің нәтижесінде жолаушы өлімнен аман қалады. 

Дінмұхамед Нұрболатұлы Қызылорда қаласының тумасы, Астана медициналық университетінің 7 курс студенті.