«Мен оның (Путин. - Ред.) менімен кездескісі келетінін білемін. Мен де таяу арада кездесуге ықыластымын. Ертерек болса тіпті жақсы», деді Трамп.
Бірақ айта кету керек, мұндай келіссөздерді Трамп ресми түрде қызметке кіріскеннен кейін ғана Президент мәртебесінде жүргізе алады.
Ал Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков көптеген елдердің Путин мен Трамптың кездесу алаңына айналуға дайын екендігін жеткізді.