Фото: Ашық дереккөз
Әуе компаниясы тоқтатылған рейстердің жолаушыларына айыппұлсыз толық қайтару немесе 1 сәуірден 31 мамырды қоса алғандағы кезеңде орындалатын рейстерге тегін қайта брондауды ұсынып отыр.
Бұған дейін Air Astana Дубай, Жидда, Медина және Доха қалаларына жоспарланған барлық тұрақты рейстерді 10 наурызды қоса алғанға дейін тоқтататынын, аталған бағыттар бойынша билеттерді сату 17 наурызға дейін уақытша тоқтатылғанын мәлімдеген еді.
Енді бұл мерзім ай соңына дейін ұзартылып отыр.
Әуе компания Таяу Шығыстағы оқиғаларды мұқият қадағалауды жалғастырмақ.
Еске сала кетейік, Израиль 28 ақпан, сенбі күні таңертең Иранға соққы жасады. Дубай, Абу-Даби және Рас-эль-Хаймада жүрген Қазақстан азаматтары рейстердің тоқтатылуына байланысты елге қайта алмай отыр. Ал «Қазпошта» Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты халықаралық пошта жөнелтілімдеріне уақытша шектеулер қойылғанын мәлімдеді.