Қоғам • 15 Қаңтар, 2025

Бас жүлде бұйырды

31 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талантты қазақ баласы Ду­байда өт­кен «San­remo Best Song 2025» ха­лық­аралық бай­қауында бас жүлдені еншілеп, ел абыройы­н асқақ­татты. Ержан Мак­сим бұл өнер до­да­сында үз­дік ата­нып қана қой­май, таны­мал про­дюсерлік ор­та­лықтардан әріп­тес­тік жөнінде ша­қырту алды. Әлем­дік сахна ше­жіресінде ерекше орын алатын әйгілі ха­лықаралық бай­қау биыл өзгеше фор­матта өтті.

Бас жүлде бұйырды

Өнер сайысы араб мем­лекеттері аумағын жа­ғалай жүзіп жүретін алып кемеде ұйымдастырылды. Байқаудан қалың көрермен де, оған қатысқан жас өнерпаздар да айрықша әсер алды. Ал бала кезінен тыңдарманын өзіндік өнерімен тамсандырып жүр­ген Ержан Максимге қазылар алқасы жоғары бағасын берді.

«Қазақстаннан 36 адам келген едік. Халық әні «Айқаракөзді» айтқаныма қуаныштымын. Ең сүйікті әндерімнің бірі болды. Осы конкурсқа қатысу үшін үлкен қолдау көрсеткен компанияға рақ­мет айтамын», дейді байқаудың бас жүлдегері Ержан Максим.

Оралдық өрен бұған дейін Ресейде өткен «Голос. Дети» халықаралық ән сайысында жеңіс тұғырынан көрінген еді. Бала ке­зінде-ақ талайды таңғалдырып, бірнеше бәйгеде оза шапқан. Десе де, Санремо байқауындағы бас жүлде оның жетістігін еселеп қана қоймай, әлемге танылуына сеп болды.

Ержан қазір Астанадағы Ұлттық өнер университетінде білім алып жүр. Студент болса да бірқатар продюсерлік орталықтан әріптестік жөнінде ша­қырту алған. Енді ол ұсыныстарды қарас­тырып, шығар­машылығын одан әрі шыңдауға ден қояды.