Жұмыс • 15 Қаңтар, 2025

Жабайы жануарларға жағдай жасалды

3771 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Табиғи парктердегі аңдар қыс айларында қосымша азықтандырылады, деп жазады Egemen.kz.

Жабайы жануарларға жағдай жасалды

Фото: Қарқаралы МҰТП

Қосымша азықтандыру – әсіресе қыс мезгілінде қолға алынады. Суық әрі ұзақ қыс айларында қар қалың түскенде аңдар шоғырланатын аумақтарға шөптер, тұздар салынып отырады.

Аталған жұмыстар Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағының барлық орманшылығында (4 орманшылық бойынша) жасалады. Дайындалған шөптер жабайы жануарлардың қыста ашығып қалмауына зор ықпал етеді. Биотехникалық іс-шараларды жүргізуге мекеме бойынша арнайы жоспар жасалынып, аңдарға күтім жұмыстары тұрақты жүргізіліп отырады.

Қарқаралы МҰТП Тау орманшылығының мемлекеттік инспекторлары «Шоқпартас» кардонының айналымында аңдарға қосымша азықтандыру жұмыстарын жүргізеді.