Медицина • Бүгін, 15:18

Былтыр елімізде 250 науқасқа трансплантация жасалған

26 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылы Қазақстанда барлығы 250 ағза мүшесі трансплантацияланған. Оның ішінде 227 ағза мүшесі тірі донорлардан, ал 23-і марқұмдардан алынған, деп жазады Egemen.kz

Былтыр елімізде 250 науқасқа трансплантация жасалған

Фото: zp-news.ru

Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған ақпаратқа қарағанда, 2012 жылдан бері трансплантация бағдарламасы аясында Қазақстанда 2800 операция жүргізілген. Олардың ішінде:

  • 2353 операция (84%) — тірі донордан;
  • 447 операция (16%) — қайтыс болғаннан кейінгі донордан.

Қандай ағза мүшелері жиі трансплантацияланған?

  • Бүйрек - 2078 операция;
  • Бауыр - 541 операция;
  • Жүрек - 98 операция;
  • Өкпе - 22 операция;
  • Ұйқы безі - 2 операция;
  • Мөлдір қабық - 59 операция.

Қазіргі уақытта Қазақстанда трансплантацияны күту парағында 4113 адам (95 бала) бар, оның 3672-сі бүйректі қажет етеді, 184 адам донорлық бауырды және 138 адам жүректі күтіп жүр.

Ағза мүшелерін трансплантациялау тек медициналық ем-шара ғана емес, бұл - науқас адамдар үшін жаңа өмірге мүмкіндік.