Балалар • Бүгін, 09:35

Маңғыстау облысында алып сәби дүниеге келді

33 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында салмағы 5,7 келіден асатын ұл бала дүние есігін ашты, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық перинаталдық орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында алып сәби дүниеге келді

Фото: freepik

Жаңа туған нәресте - отбасындағы екінші бала. Анасы бірінші сәбиін 2022 жылы өмірге алып келген, оның салмағы 4,3 келіден асқан. Келіншек гестациялық қант диабетіне шалдыққаны белгілі болды. Қазіргі таңда анасы мен баласының жағдайлары тұрақты. Олар дәрігерлердің жіті бақылауына алынған.

«Ата-аналар алып бала туылса, «батыр бала дүниеге келді» деп қуанып жатады. Алайда, көпшілігіміз сәбидің ауыр салмағы ананың да, баланың да денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін естен шығарамыз. Шындығында, бұл қуаныштың артында не тұр?! Ең алдымен, нәрестенің үлкен салмағы (макросомия) анасы үшін өте қауіпті. Өйткені, табиғи босану кезінде қынап, жұмсақ тіндер жыртылып кетуі мүмкін, жатыр атониясынан босанғаннан кейінгі қан кету қаупі жоғары», деп жазды облыстық перинаталдық орталық.

 

Босану барысында қатерлі асқынудың бірі - жатырдың жыртылуы. Мұндай жағдайда әйелді кесар тілігі отасы арқылы босандыруға тура келеді.

Сол себепті дәрігерлер әйелдерге жүктілікке алдын-ала дайындалу қажет екенін ескертті.