Әлем • Бүгін, 11:47

Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату туралы келісімге келді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Израиль мен ХАМАС 2023 жылдың қазан айынан бері жалғасып келе жатқан соғысты тоқтатуға уағдаласты. Бұл туралы Қатар премьер-министрі Мұхаммед бен Абдул Рахман әл Тани мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату туралы келісімге келді

Фото: ru.euronews.com

Ал әлеуметтік желілерде Газа тұрғындарының қуанышты эмоциялары таспаланған видеолар тарап жүр. 

Израиль мен ХАМАС атысты тоқтатып, кепілге алынғандарды босату туралы келісімге келген. 

Reuters агенттігінің мәліметінше, екі тарап атысты 6 аптаға тоқтатып, Израиль әскерлерін кезең-кезеңімен шығару шартын мақұлдаған. Мұхаммед бен Абдул Рахман әл Танидің айтуынша, 42 күндік бірінші кезеңде (алты апта) Израиль Газа секторының елді мекендерінен әскерін әкетеді. Сондай-ақ Газаның барлық аймағына гуманитарлық көмек көрсету көлемі ұлғаяды.

Associated Press агенттігі ресми мәлімдеме таяу арада жасалатынын хабарласа, АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Truth әлеуметтік желісіндегі парақшасында «келісімге қол жеткізілгенін» жазған.