Аймақтар • 16 Қаңтар, 2025

Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

73 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ қолайсыз ауа райына байланысты Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында көлік қозғалысы шектелетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Фото: shutterstocks

Ақтөбе облысында сағат 12:50-де ауа райының бұзылуына байланысты Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы автожолының 526-702 шақырым аралығындағы учаскесінде (БҚО шекарасы-Маржанбұлақ ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылып отыр.

Батыс Қазақстан облысындағы Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы автожолының 393-526 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жымпиты ауылы - Ақтөбе облысының шекарасы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

Компания жол учаскелерін 16 қаңтар сағат 20:00-де ашу жоспарланып отырғанын жазған. 

Соңғы жаңалықтар

Еңбек адамы – ел дамуының негізі

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:38

Қайраткерлік қасиет

Руханият • Бүгін, 08:30

Аграрлық саладағы ауқымды істер

Экономика • Бүгін, 08:20

Жер – халықтың қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:17

Дәйекті реформаға сенім зор

Партия • Бүгін, 08:07

Алаш аманатына адалдық

Тұлға • Бүгін, 08:03

Ілбіске қарғыбау тағылды

Талбесік • Бүгін, 08:00