Аймақтар • Бүгін, 15:28

Макинскіде құтқару қызметі жүйесі жаңартылды

16 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның құтқару қызметтерінің жүйесін жаңарту мақсатында Макинск қаласында өрт сөндірушілер мен медициналық персоналдың міндеттерін біріктіретін жаңа мамандандырылған бөлімше ашылды.

Макинскіде құтқару қызметі жүйесі жаңартылды

Бұл құтқару қызметтерінің өзара іс-қимылын үйлестіруге бағытталған пилоттық жобаның негізінде жүзеге асырылып отыр. Таяуда Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов қаладағы жаңартылған №8 өрт сөндіру бөліміне жеке өзі барып, күрделі жөндеу және қайта жаңарту жұмыстарының нәтижелерімен танысты. Іргетасы 1964 жылы қаланған өрт сөндіру бөлімі өткен жылы қайта жаңартылып, іске қосылды.

1

Өрт сөндіру бөлімдерін жаңғырту және құтқару жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, медициналық көмек көрсете алатын бірегей бөлімшелер құру – азаматтарымыздың қауіпсіздігін нығайтудағы маңызды қадам болып саналады.

 

Ақмола облысы,

Бұланды ауданы.