АСТАНА. 1 мамыр. Қазақстан тарихында алғаш рет Ұлыбританияда қазақ тілінде спектакль қойылды. Лондон қаласында өтіп жатқан қазақ мәдениеті фестивалі аясында Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда музыкалық-драма театры белгілі жазушы және драматург Дулат Исабековтің «Ескі үйдегі кездесу» пьесасын сахналады. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Спектакль Орта Азия халықтарының өнерін бағалаушы жергілікті халықтың аса қызығушылығын тудырды. Осыдан екі жыл бұрын аталған пьесаны «Орзу» британиялық Орталық-Азия театры жергілікті көрермендерге ағылшын тілінде ұсынған болатын. Ал бұл жолы негізінен қазақ тілінде ойналды. Басты диалогтардың қазақша болғанына қарамастан, көрермендер сахнадағы жағдайды арнайы субтитр арқылы түсініп отырды.
Лондон университетінің студенті Джордж Уэр қазақ спектаклі жөнінде: «Неге екенін білмеймін, бастапқыда қойылым трагедия жанры бойынша болатын шығар деп ойладым. Дегенмен, алғашқы көріністен-ақ бұл көптеген сынақтан өтіп, бір-біріне қосылған екі жанның махаббаты туралы екенін білдім. Жалпы, маған өте қатты ұнады», – деп өз пікірін білдірді.
Тағы бір көрермен, мемлекеттік саясат бойынша сарапшы Индержит Сих Нижхар: «Автор өз кейіпкерлерінің мінез-құлқын тамаша аша білген. Маған бұл романтикалық қойылым ерекше ұнады. Мен Исабековтің шығармашылығын айрықша құрметтейтін жандардың бірімін. Кейбір кітапты оқып отырып, ондағы жайтты жүрегіңмен қабылдайтын кездер болады. Дулат Исабековтің шығармалары дәл сондай», – деп қазақ спектакліне жоғары бағасын берді.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: 24.kz.
• 01 Мамыр, 2015
Лондон сахнасында қазақ тілінде спектакль қойылды

Көмір өндіру және энергетика саласының мамандары жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Бүгін, 21:42
Астанада аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Елорда • Бүгін, 21:33
Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды
Футбол • Бүгін, 21:16
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жаңа Конституция: Ақмола облысының тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойды
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04