Әлем • 17 Қаңтар, 2025

Калифорниядағы ірі зауыттан өрт шықты

48 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Калифорния штатының Монтерей округіндегі «Vistra Corp» компаниясының «Moss Landing» электр станциясында өрт шығып, Мосс Ландинг пен Эльхорн Слоу аудандарының тұрғындары эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Калифорниядағы ірі зауыттан өрт шықты

Фото: Doug Duran/Bay Area News Group

Associated Press News басылымының хабарлауынша, нысанда жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын сақтайтын ондаған мың литий батареялары бар және олар өртеніп кетсе, өртті сөндіру қиынға соғады.

Белгілі болғандай зауыттағы барлық жұмысшылар қауіпсіз жерге көшірілген. Өрттің шығу себебін анықтау үшін тергеу жұмыстары басталғаны хабарланды.

Бүгін Солтүстік Монтерей округі  барлық мектептер мен кеңселер жабылатынын мәлімдеді. Жергілікті билік пен төтенше жағдайлар қызметі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін белсенді шаралар қабылдап жатыр.