Сенат • 18 Қаңтар, 2025

Пошта қызметін жетілдіру мәселесін талқылады

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары «Қазпошта» АҚ Басқар­ма төрағасы Әсел Жанасованың қатысуымен отырыс өткізді.

Пошта қызметін жетілдіру мәселесін талқылады

Сурет: senate.parlam.kz

Онда «Қазақстан Республика­сы­ның кейбір заңнамалық актілері­не байланыс қызметтерін көрсету, мемлекеттік сатып алу, көлік және пошта мәселелері бойын­ша өзгерістер мен толықтыру­лар енгізу туралы» заңды тал­қылау күн тәртібіндегі басты мәселе болды.

Отырыс барысында заңның мақсаты пошта байланысын дамыту, жеткізуді оңайлату, поштаны орналастыру және поштаға жауапты органдардың жұмысын жақсарту екені аталып өтті. Отырысқа қатысушы­лар «Қазпошта» АҚ қызметін егжей-тегжейлі талқылай келіп, пошта, логистика, қаржы саласы мен әлеуметтік қызмет көрсету, ауылдық жерлердегі мемлекеттік қызметтерді дамыту және материалдық-техникалық базаны нығайту мәселелеріне назар аударды. Ауылдық елді мекендерді пошта және қаржы инфрақұрылымымен қамтама­сыз ету, пошта бөлімшелерін сақтау және пошта қызмет­кер­лері­нің жалақы деңгейін арттыру тақырыбы да қозғалды.

Сенат комитетінің төрағасы Сүйіндік Алдашев шалғай өңір­лерде бірқатар қызмет түр­лері ғана ұсынылатын пошта бөлімшелерінің әлеуметтік рөліне тоқталды.

Қатысушылар кездесу барысында «Қазпоштаны» тұрақты дамыту жөнінде ұсыныстар айтты және саланы нығайту үшін ин­вестиция тарту қажеттігі туралы ойларын ортаға салды.