Аймақтар • 18 Қаңтар, 2025

Жедел басқару орталықтары іске қосылды

623 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының бар­лық ауданында полиция бөлімдерінің Жедел бас­­қару орталықтары іске қосылды. Кез келген қыл­мыстың ізін суытпай ашу­ға септігін тигізетін бұл жоба Ішкі істер министр­лігінің бас­тамасымен және Қызыл­орда облысы әкі­мі­нің қолдауымен елімізде алғаш рет цифрлық мүм­кін­діктерді кеңінен қол­данатын Сыр өңірінде жү­зеге асып отыр.

Жедел басқару орталықтары іске қосылды

Сурет: halyqline.kz

Бірегей «Жедел басқару орталығы» жобасы аясында әр ауданға 77 бейнебақылау каме­расы мен жылдамдықты өлше­гіш 7 құрал орнатылды. Осы ар­қылы қоғамдық тәртіпті бұзу әре­кеттерін анықтау айтарлықтай оңай­лай түсті. Бұл – қоғамда тәр­тіп иммунитетін күшейтуге жол ашатын маңызды қадамның бірі.

Жедел басқару орталықтары құқық бұзушылықтардың алдын алудан бөлек оқыс жағдайға ұшыраған азаматтарға дер кезінде көмек көрсетуге септігін тигізіп, жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға мүмкіндік береді.

Өткен жылы осындай камералар көмегімен 138 қылмыс ашылып, 50 мыңға жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.

 

Қызылорда