
Төтенше жағдайлар министрлігі ұлттық геофизикалық зерттеулер институтының (ҰҒЗИ) сейсмикалық стансалар желісі Қытайда жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 364 км жерде солтүстік ендік 41,202° және шығыс бойлық 80,387° координаталы нүктеде орналасқан.
Сейсмологтардың айтуынша, жер дүмпуі Қазақстанда сезілмеді.