
фото: gov.kz
Жұмыс Мемлекет басшысының Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асады.
Құрылыс екі кезеңде жүргізілмек. Бірінші кезеңде Үлкен Алматы айналма автомобиль жолынан Қаскелең өткеліне дейінгі, екінші кезеңде Қаскелең өткелінен Әйтей ауылына бұрылысқа дейінгі учаске қамтылмақ. Жобалау жұмыстары басталды.
Аталған шара көлік қатынасын жақсартуға және жол жүру уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Сөз етілген учаскедегі өткізу қабілеті тәулігіне 60 мыңнан 90 мың көлікке дейін ұлғаяды.
Жолдың кеңеюі кептелістің төмендеуіне әкеледі деп күтілуде. Автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мамандар 12 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін салады.