Әлем • 20 Қаңтар, 2025

Сириялық босқындар еліне оралып жатыр - БҰҰ

563 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сирияда Башар Асад билігі құлағаннан кейін 195 200 босқын туған отанына оралған. Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымының босқындар ісі жөніндегі басшысы Филиппо Гранди Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сириялық босқындар еліне оралып жатыр - БҰҰ

Фото: Khalil Hamra/AP Photo/picture alliance

Оның айтуынша былтыр Ливандағы жергілікті лаңкестік қозғалыс Хезболла мен Израиль арасындағы соғыс басталған кезде  550 мың сириялық еліне қайтып оралған. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссарының Басқармасы үйлеріне қайтып келе жатқан сириялықтарға және оларды қабылдаушы қауымдастықтарға қолдау көрсетуді күшейтіп жатыр.

Жалпы 2011 жылы азаматтық соғыс басталған кезде Сириядан 6 миллион адам көшіп кеткен.