Экономика • 21 Қаңтар, 2025

Былтыр Қазақстанда ең көп сатылған көлік маркасы белгілі болды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстанның Автокөлік Одағының» мәліметінше, былтыр ресми дилерлерден 205 111 автокөлік сатылған, деп жазады Egemen.kz.  

Былтыр Қазақстанда ең көп сатылған көлік маркасы белгілі болды

Фото: kz.kursiv.media

Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 3,2 пайызға көп. 2024 жылғы көлік саудасы Қазақстан авторитейлінің тарихындағы ең жақсы нәтиже болып тіркелген. 

Сатып алушылар ең көп таңдау жасаған үздік 5 көлік бренді: Hyundai, Chevrolet, Kia, Chery, Jac.

«Бастапқыда сауда аз болғанымен, 2024 жылы бәсеке күшейіп, өндірушілер мен дилерлер тиімді ұсыныстарды көптеп жасады. Үкімет, Қаржы нарығын реттеу агенттігі, екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдары бірлесе жұмыс атқарып, бастапқы жарнаның болмауы, бөліп төлеу мүмкіндігі сияқты қаржыландыру шараларын жүзеге асырды. Сатып алушыларға жақсы жағдай жасалды. Мұның нәтижесі де көп күттірген жоқ. Автомобиль нарығы екінші жыл қатарынан рекорд жасап келеді», дейді ҚАО президенті Анар Мақашева.

2024 жылғы ең танымал 10 модель қатарында Chevrolet Cobalt (26 537 бірл.), Hyundai Tucson (22 389 бірл.) және Kia Sportage (8 834 бірл.) бастап тұр. Сонымен қатар тізімде Hyundai Elantra (6 520 бірл.), Chery Tiggo 2 (5 310 бірл.), Haval M6 (5 185 бірл.), Chery Tiggo 7 Pro (4 907 бірл.), Jac J7 (4 585 бірл.), Hyundai Santa Fe (4 423 бірл.) және Kia Sorento (4 208 бірл.) кірген.