АСТАНА. 2 мамыр. Татарстанның Яр Чаллы (Набережные Челны) қаласында отбасында күйеуі тарапынан ұдайы болып келген қорлауға шыдай алмай, екі айлық баласын өлтіріп, өзінің тамырын жарған. Бұл туралы KazanFirst сайты хабарлады.
Қазір тергеушілер әйелді мұндай жағдайға нақтылы ненің апарғанын анықтап жатыр. Аталған факт бойынша «Кішентай баланы» өлтіру деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оқиға 30 сәуір күні таңертең болған. Яр Чаллының «Замелекесье» шағын ауданындағы Фоменко даңғылы бойындағы пәтерлердің бірінде тұратын 29 жастағы Зиля Муслимова (суретте) деген келіншек алдымен екі айлық ұлының қан тамырын кесіп, өзіне де сондай әрекет жасаған. Ұл бала сол бойда қайтыс болып кетеді. Ал оның анасы «жедел жәрдеммен» жергілікті аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылады. Құқық қорғау органдары өкілдерінің баяндауынша, әйелдің жанына күзет қойылған.
Қайғылы оқиға болған пәтер тұрғындар көршілерінің айтуларынша, жас отбасы мүшелері ылғи ұрыс-керісте өмір сүрген. Көршілері сондай-ақ бұған күйеуінің ылғи әйелін қорлап, шектен шығаратыны себеп болғанын айтып отыр.
Яр Чаллы полициясы қызметкерлерінің айтуларынша, Зуля Муслимова ұлын өлтіріп, өзіне суицид жасар алдында хат жазып кеткен. Онда келіншек үйдегі ұрыс-керістің бәріне енесінің кінәлі екенін атап көрсеткен. Бірақ полицейлер онда әйелдің ұлын өлтіру жөнінде ешбір ниеті болмағанын айтады.
Агенттік мәнбесі Зуляның үйде болып жатқан жағдайды «ВКонтакте» желісіне жазып тұрғанын баяндайды. Келіншектің бір қабат төменде тұратын көршісі пәтерде жиі жанжал болып тұрғанын жазған. «Күйеу жігіттің анасы келінін үнемі қорлап тұратын. Ол баланың өз ұлынан емес екенін мәлімдейді», деп жазыпты ол.
«Күн сайын үйден жанжал, әйелдің жылағанын естимін. Ол құдайға өзін алып кетуді айтып, жалбарынатын. Оның баланың әкесін анықтау үшін ДНК-ға тест тапсыруды сұрағаны да естілді», - деп көрсетіпті куәгер.
Қайрат Құлымбет.
Дерек, сурет: KazanFirst.