
Фото:depositphotos.com
«Біздің мыңдаған азаматтарымыз шетелдерде оқуда немесе жұмыста. Олар өзара Telegram және WhatsApp-чаттарын құрып, ақпарат алмасып, бір-біріне көмектеседі. Мұны алаяқтар да пайдалануы мүмкін. Қаскөйлер осындай чаттарға қосылып, өздерін Қазақстан азаматы ретінде таныстырып, әдеттегіден тиімді шарттармен валюта айырбастау қызметін ұсынады. Бірақ ақшаны ауыстырғысы келетіндерді байланыстырмай, алаяқтар криптовалюта сатумен айналысатын адамдардың немесе дроптардың шоттарын жібереді. Түскен қаражатты алғаннан кейін олар хат-хабарларды өшіріп, чаттардан шығып кетеді», делінген хабарламада.
ІІМ мәліметінше, осылай алдау жағдайлары Кореяда, Қытайда, АҚШ-та болған.
«Азаматтарды сақ болуға және күмәнді ұсыныстарды қабылдамауға шақырамыз», деді ведомство өкілдері.