Қоғам • 21 Қаңтар, 2025

Елімізде 60-тан астам әкім орынбасарына айыппұл салынды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 60-тан астам әкім орынбасарына айыппұл салынды. Бұл туралы Үкімет отырысында Экология министрі Ерлан Нысанбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде 60-тан астам әкім орынбасарына айыппұл салынды

Фото: istockphoto.com

Спутниктік технологиялар қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды анықтау мен жоюдың тиімді құралы. Стихиялық қоқыс үйінділерінің анықталғаны туралы «Қазақстан Ғарыш Сапары» деректері негізінде аумақтық Экология департаменттері әрбір жағдайды тіркеп, әкімдіктерге бұзушылықтарды жою туралы нұсқама береді.

«2024 жылы жалпы сомасы 9,4 млн теңгеге 164 лауазымды тұлға, оның ішінде аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары деңгейіндегі 61 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды», деді министр.

Соңғы жылдары анықталған қоқыс үйінділерінің саны едәуір азайды. Мәселен, 2018 жылы 8,7 мың қоқыс үйіндісі анықталып, оның 57 пайызы жойылса, 2024 жылы шамамен 4,8 мың қоқыс үйіндісі анықталып, оның 91пайызы жойылды.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Жылдам хабар алғызған

Руханият • Кеше

Азаматтық ерлік

Ғылым • Кеше

Ұлық ұлыстың алтыны

Жәдігер • Кеше