
Фото: ашық дереккөз
АҚШ президенті Дональд Трамп басқа елдерге көмек көрсету бағдарламаларын 90 күнге тоқтату туралы жарлыққа қол қойды.
«Бұдан әрі сыртқы көмек Америка Құрама Штаттары Президентінің сыртқы саяси мақсаттарына сәйкес келуі тиіс», делінген бұйрықта.
Бұған қоса инаугурацияда сөйлеген сөзінде Трамп иммиграция мен экономикаға назар аударатын «атқарушы бұйрықтар сериясына» қол қоятынын және «оңтүстік шекарада ұлттық төтенше жағдай» жариялайтынын айтты.