Қаржы • 22 Қаңтар, 2025

Әкімдіктер 40 млрд теңгені игермеген

132 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әкімдіктер 40 млрд тең­геге жуық мақсатты трансферттерді иге­ре ал­мады. Оның 93 па­йыздан астамы даму бағдарламаларына бе­ріл­ген.

Әкімдіктер 40 млрд теңгені игермеген

Сурет: bai-bol.kz

2024 жылы республикалық бюджеттен 1,9 трлн теңге бө­лін­ген, оның 276,4 млрд-ы – қазіргі бағдарламаларды, 1,5 трлн-ы – даму бағдарламасын жү­зеге асыруға арналған. Finprom мәліметінше, әкімдіктердің мақ­сат­ты транс­ферт­терді орындау көлемі 97,9%-ды құраған, сонда игере алмау көрсеткіші – 2,1%. Пайызға қарасақ, соншалықты көп емес секілді, ал санға шақсақ – 40 млрд теңге шығады. Мұны әрине, аз деп айту қиын.

Қаражатты мейлінше түгел жұмсаған – Астана әкімдігі. 88,3 млн теңге артылған, тиісінше ол бюжетті үнемдеуге қатысты. Шығыс Қазақстан облысы 99,9%-ға игерген. Діттеген мақсатына жетпеген қаржы көлемі – 69,8 млн теңге, оның 8,1 млн-ы – үнемдеу, 61,7 млн-ы – игерілмеу. Қызылорда облысындағы ар­тылған қаражат көлемі – 120,8 млн теңге, оның 36,6 млн теңгесі үнемдеуге қатысты болса, 84,3 млн теңгесі игерілмей қалған. Үздік бестік қатарына Түр­кістан облысы мен Шымкент кір­ген. Олардағы игеру үлесі – 99,8%.

Аутсайдерлер: Маңғыстау облысы – бөлінген қаржының 85,1%-ы игерілген (16,9 млрд теңге жұмсалмаған); Атырау облысы – 94,2% (4,2 млрд теңге игерілмеген); Ақмола облысы – 97,2% (3,5 млрд теңге игерілмеген). 20 өлкенің тоғызында игерілмеген қаржы көлемі 1 млрд теңгеден асып түс­кен.

«Бұл айтарлықтай проблема. Себебі қаражаттың барлығы дерлік халықтың өмір сапасын жақсартатын әртүрлі жобаларға бағытталуға тиіс еді. Алайда түрлі себеппен бұл мақсат орындалмады», дейді Finprom сарапшылары.

Соңғы жаңалықтар

Доллар бағамы арзандады

Қаржы • Бүгін, 18:00