Әлем • 22 Қаңтар, 2025

Қырғызстанның астанасын көшіру ұсынылды

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жогорку Кенеш отырысында Бішкектегі кептеліс мәселесін шешу үшін астананы көшіру ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғызстанның астанасын көшіру ұсынылды

Фото: Кабар

«Мен астанамызды басқа жерге көшіруді ұсынамын. Бұл мәселені қарастыру керек. Ыстықкөл облысында Асман қаласы салынып, оған 10 миллиард сом инвестиция тартылып жатыр. Темір жолды елорданың сыртына жылжыту үшін 550 миллион доллар, ал айналма жол салу үшін 1 миллиард доллардан астам қаражат қажет. Егер астананы көшіріп, министрлер кабинетін қала сыртына көшірсе, кептеліс мәселесі шешіледі», деді депутат Бақытбек Марипов.

Бұған дейін Бішкектегі кептеліс мәселесін шешу үшін депутат Эльмурза Сатыбалдиев елорда әкімдігіне оң рульді көліктерге кіруге тыйым салуды ұсынған болатын. Сондай-ақ, ел парламенті  Бішкектегі шығарындыларды азайту үшін Қазақстаннан көмір сатып алуды да қарастырып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Жылдам хабар алғызған

Руханият • Кеше

Азаматтық ерлік

Ғылым • Кеше

Ұлық ұлыстың алтыны

Жәдігер • Кеше