Оқиға • 23 Қаңтар, 2025

Шымкенттегі аттракциондар саябағында өрт шықты

475 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ТЖ қызметкерлері Шымкенттің Әл-Фараби ауданы, Тәуке хан даңғылында орналасқан аттракциондар саябағындағы өртті сөндірді, деп жазады Egemen.kz.

Шымкенттегі аттракциондар саябағында өрт шықты

Фото: ТЖМ

Қызыл жалын ойын автоматтарынан тұтанып, екі қабатты мейрамханаға таралған. ТЖМ мәліметінше, өрт 230 шаршы метр алаңды шарпыған. 

Өрт кезінде саябақта демалушылар болмаған. 

Құтқарушылар өрттің шығу себебі анықталмағанын, зардап шеккендердің жоқ екенін мәлімдеді.