
Фото: tengrinews.kz
Елорда тұрғындары күн айналасын қоршай пайда болған сақина тәріздес жарық құбылыстың бейнесін әлеуметтік желіде жариялап жатыр.
Метеорология ғылымында аспандағы мұндай көрініс «гало» деп аталады екен. Гало - бұл жарық көзінің айналасында екінші жарқылдың шеңбер, сақина, доға түрінде көрінуі.
Әдетте күн айналасында «гало» атмосферадағы бұлттардың массасында мұз кристалдары көбейгенде пайда болады.
Ал қазақта бұл құбылысты «Күн қораланды» дейді. Қазақ жұлдызшылары күн қораланса қар қалың жауады деп болжаған.