
Фото: ҰОК
Бокс федерациясының мәліметінше, бірнеше кезеңнен тұратын бәсекенің екінші туры Қазақстанда өтеді. Әзірге халықаралық турнирдің қай қалада ұйымдастырылатыны нақтыланбаған.
Екінші кезең бәсекелерін 30 маусым - 7 шілде аралығында өткізу жоспарланған.
Айта кетейік, бокстан әлем кубогі – ерлер мен әйелдер арасындағы үздік боксшылар рейтингтік ұпайларды сарапқа салатын, бірнеше кезеңнен тұратын турнир сериясы.
Биыл жыл бойы үш кезең өткізіліп, қараша айындағы финалда үздіктерге ұпай үлестіріледі.
Ал, 2025 жылы ересектер арасындағы әлем чемпионаты 4-14 қыркүйек күндері Ұлыбританияда ұйымдастырылады.