Қазақстан • 23 Қаңтар, 2025

БҰҰ Кеңесі сессиясында Қазақстан 4-ші баяндамасын ұсынды

123 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Аталған ауқымды шарада ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz

БҰҰ Кеңесі сессиясында Қазақстан 4-ші баяндамасын ұсынды

Фотолар: Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің  Жұмыс тобының Женевада өтіп жатқан 48-ші Әмбебап кезеңдік шолу (ӘКШ) сессиясы шеңберінде Қазақстан Республикасы Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы халықаралық міндеттемелердің орындалуы туралы төртінші Ұлттық баяндаманы қорғау рәсімінен өтті.

Міндеттемелерді іске асыруы туралы негізгі құжатты Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев бастаған делегация ұсынды.

Қазақстан делегациясы құрамына Бас Прокуратура, Сот Әкімшілігі, ішкі істер, мәдениет және ақпарат, сыртқы істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және оқу-ағарту министрліктері басшыларының орынбасарлары мен лауазымды адамдары кірді.

Қазақстанның делегациясы іс-шараға қатысушыларды ҚР-ның соңғы бес жылдағы адам құқықтары саласындағы негізгі жетістіктерімен және мемлекет дамуының басты басымдықтарымен таныстырды.

Ерлан Сәрсембаев 2019 жылғы қарашада үшінші баяндама ұсынылған сәттен бастап, Қазақстан елімізді одан әрі демократияландыруға бағытталған бірқатар маңызды бастамаларды іске асыру арқылы адам құқықтары саласында елеулі табыстарға қол жеткізгенін атап өтті.

Сот ісін жүргізуді жетілдіру мақсатында Әкімшілік әділет іске қосылды. 3 жыл ішінде ол тиімділікті дәлелдеді, әділ, тиімді және қол жетімді әділеттілікті қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта Парламентте Әкімшілік әділет саласын кеңейтуге бағытталған заң жобалары бар. Қазіргі уақытта соттар олардың шешімдеріне, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың әрекеттері мен әрекетсіздігіне шағымдану туралы талаптардың 60%-на дейін қанағаттандырады.

Конституциялық сотты қалпына келтіруден және Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті қабылдаудан басқа, Қазақстан азаматтардың құқықтарын қорғау үшін әкімшілік сот төрелігі институтын енгізуді қоса алғанда, сот жүйесі саласында реформалар жүргізді, сондай-ақ олардың ашықтығы мен есептілігін арттыру мақсатында құқық қорғау органдарының қызметін реформалады.

Делегацияның басшысының сөзінен кейінгі интерактивті диалог барысында БҰҰ-ның мүше мемлекеттері адам құқықтарын қорғаудың заңнамалық тетігі мен практикасын жетілдіру бойынша тиісті ұсынымдарын ұсынды.

Қазақстан Республикасының ресми делегациясы Ұлттық баяндаманы қорғауға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Шет мемлекеттердің делегациялары ҚР-ның адам құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалық, практикалық және басқа да шараларды дамытудағы және адам құқықтарын қорғау саласындағы негізгі халықаралық құжаттардың басшылық қағидаттарын орындаудағы үдемелі ілгерілеуін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Қытайда жер сілкінді

Төтенше жағдай • Кеше