
Фото: ethnomir.ru
«Үздік фильм» номинациясы бойынша «Оскарға» ұсынылған фильмдер: Шон Бэйкердің «Анора», Брэди Корбеттің «Бруталист», Жак Одиардтың «Эмилия Перес», Эдвард Бергердің «Конклав», Джеймс Мэнгольдтың «Белгісіз», Дени Вильнев «Дюна: Екінші бөлім», Уолтер Саллестің «Мен әлі де осындамын», Корали Фаржа «Субстанция», Джон Чу «Wicked: І бөлім», Рамель Росс «Никельдік балалар» туындысы.
«Үздік режиссер» номинациясында Шон Бэйкер, Брэди Корбет, Корали Фарджат, Жак Одиард және Джеймс Мэнгольд бақ сынайды.
«Басты рөлдегі үздік әйел» номинациясында «Оскар» жүлдесі Деми Мур (Субстанция), Майки Мэдисон (Анора), Карла София Гаскон (Эмилия Перес), Синтия Эриво (Wicked: І бөлім), Фернанда Торрес (I'm Still) арасында анықталады.
«Үздік ер адам рөлі» номинациясына үміткерлер қатарында Эдриен Броуди (Бруталист), Ральф Файнс (Клейв), Тимоти Шаламет (Белгісіз), Колман Доминго (Ән айтыңыз), Себастьян Стэн (Ученик. Восхождение Трампа).
«Екінші пландағы үздік әйел рөлі» номинациясында Ариана Гранде (Wicked: І бөлім), Изабелла Росселлини («Клейв»), Зои Салдана («Эмилия Перес») және Фелисити Джонс («Бруталист»), Моника Барбаро («Белгісіз») бар.
«Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» шорт-парағына Киран Калкин (Настоящая боль), Юра Борисов (Анора), Эдвард Нортон (Белгісіз), Гай Пирс (Бруталист), Джереми Стронг (Ученик. Восхождение Трампа) еніп отыр.
«Үздік толықметражды анимациялық фильм» номинациясы бойынша «Оскар» жүлдесіне латвиялық «Ағыс» (Flow) анимациялық фильмі, «Жабайы робот» (The Wild Robot) , «Ойжұмбақ» анимациялық фильмінің екінші бөлімі, «Wallace & Gromit: Vengeance Most Fowl», «Ұлу туралы мемуар» анимациялары ұсынылған.
97-ші «Оскар» жүлдесіне үміткерлер тізімі Лос-Анджелестегі ауқымды өртке байланысты бір апта кеш жарияланған.
«Оскар» жүлдесін табыстау рәсімі 2 наурыз күні шығыс уақыты бойынша сағат 19:00-де (Мәскеу уақыты бойынша 2:00) өтеді деп жоспарланған. Шараны америкалық комик Конан О'Брайен жүргізетіні мәлім болды.
Айта кетейік, «Оскар» жүлдесі кино саласының үздіктеріне 1929 жылдан бері табысталып келеді.