Қылмыс • 24 Қаңтар, 2025

Бұрынғы әйелінің соңына түскен шетелдік елден қуылады

52 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарлық әйел полицияға бұрын бірге тұрған ер адамға қатысты шара қолдануды сұрады. Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұрынғы әйелінің соңына түскен шетелдік елден қуылады

Фото: ашық дереккөз

Ажырасқаннан кейін ер адам оның соңынан қалмай, аңдуды жалғастырған, оған қауіп төндіретін хабарламалар жіберген, үнемі балағат сөздер айтып, зорлық-зомбылықпен қорқытқан.

Тәртіп сақшылары шетелдіктің Қазақстан аумағында болу мерзімінен асқанын анықтады. Нәтижесінде ол ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұған қоса елден шығарылады.