Қоғам • 24 Қаңтар, 2025

Үкіметте сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері талқыланды

61 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкіметте сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері талқыланды

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Кеңесте макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы және жағдайдың дамуының әртүрлі сценарийлері қарастырылған. Сондай-ақ, ықтимал қолайсыз факторлардың әсерін барынша азайту, сондай-ақ қолда бар артықшылықтарды пайдалану шаралары талқыланды.
 
Ұлттық экономика, Қаржы, Энергетика министрліктерінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшылығы әлемдік экономиканың дамуының Қазақстанға ықпалының есептеулері мен сценарийлерін ұсынды.

Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдармен бірлесе атқару үшін  бірқатар тапсырмалар берілді.