
Фото: almaty.tv
Берік Асыловтың айтуынша, № 49 мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қ. Айтқалиевтің жарақат алуына байланысты іс қылмыстық кодекстің «Ауыр зардаптарға әкеп соққан билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану» туралы 632-бабы 4-бөлігі бойынша қаралып жатыр.
Тергеп - тексеру барысында мұғалімдерді кәсіби міндеттерінен тыс жұмысқа тартқан лауазымды тұлғалардың қатарында қала әкімінің орынбасары А. Хамзаев та болғаны анықталған.
«Қазіргі кезде жəбірленуші Қ. Айтқалиев емделу мекемесінен шығып, үйде жалпы практика дəрігерінің патронажын алды (09.01.2025ж.). Жалпы жағдайы тұрақты. Сонымен қатар шыршаны безендіруге басқа да мұғалімдерді заңсыз тартуға жол берген мектеп (№19 жəне №40) директорлары А. Жүнісова мен Г. Сүлейменова тəртіптік жауапкершілікке тартылып, сөгіс алған. Ал қалалық білім бөлімінің басшысы Б.Булабаев қызметінен босатылды», делінген Берік Асыловтың жауабында.
Еңбек инспекциясы комитетінің облыстық департаменті жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру жүргізіп, Қ. Айтқалиевтің жарақат алуына жұмыс берушіні толық кінәлі деп таныған.