Білім • 24 Қаңтар, 2025

Елімізде балабақшаларға кезек 2 есе азайған

75 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрлігі кейінгі екі жылда балабақшаларға кезек қысқарғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде балабақшаларға кезек 2 есе азайған

Фото: astanatv.kz

Бүгінде еліміздегі 1 миллионнан астам бүлдіршін балабақшаға барады. 

2023 жылы - 523, 2024 жылы 627 балабақша есігін ашқан. 

Сонымен қатар, 520 мың оқушыға арналған 422 жаңа мектеп бой көтерген. 510 мыңнан астам бала «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан көмек алған. 

242 мың оқушы мен ата-ана Психологиялық қолдау орталықтарына жүгінген.