
Фото: smartnews.kz
Министрлік мәліметінше, жасөспірімдердің жыныстық қатынасқа түсу бойынша орта жасы 16,5 құраған.
Сондай-ақ, ерте жыныстық қатынасқа түскен қыздардың арасында аборттардың саны 13,4 пайызға төмендеген.
Жасөспірімдердің жүктілігі өзекті әлеуметтік мәселе екені анық. Өйткені ерте жүкті болған қыздар білім алу мүмкіндігін жоғалтып, әлеуметтік проблемаларға тап болады. Олардың мінез-құлқында суицидке бейімділік пен психологиялық бұзылулар да артады.
«БҰҰ-ның тұрғын халық саласындағы қорының (ЮНФПА) зерттеуіне сәйкес жоспарламаған жүктіліктің алдын алу үшін қолданылатын қазіргі заманғы құралдарын жалпы ел бойынша да, өңірлер бойынша да пайдаланатын жасөспірімдердің үлесі ең жоғары 20 пайыздан аспайды», делінген министрлік хабарламасында.