
Фото: ІІМ
Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері төрт күдіктіні анықтап, ұстады. Олардың арасында жәбірленушінің туысы бар екені белгілі болды. Күдікті сыбайластарына туысының үйінде қолма-қол қомақты қаржы бар екенін айтып, көмек көрсеткен.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, олар ұрлаған қаржыны өз қажеттіліктеріне жұмсап, несиелерін төлеген. Қалған соманы ойын-сауыққа жойған.
Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.